Жаңалықтар

Астанада тұрғынның мас күйін пайдаланып, тонап кеткен

Астанада тұрғынның мас күйін пайдаланып, тонап кеткен
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 01.11.2023 12:02 720

Астанада тұрғынның мас күйін пайдаланып, тонап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция мәліметінше, Алматы аудандық полиция басқармасына Ақмола облысының 33 жастағы тұрғыны арызданып, өтіп бара жатқан адам өзін тонап кеткенін айтып, жүгінген.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам күндіз көшеде келе жатқанда қасына белгісіз біреу таянып, темекі сұраған. Жәбірленушінің мас күйде екенін байқаған күдікті оған 70 мың теңге көлемінде шығын келтірумен әмиянын ашық түрде қолынан жұлып алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірден ер адамның тұрған жерін анықтаған. Ол 38 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл ретте оның бұрын сотты болғаны да белгілі болған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға