Жаңалықтар

Астанада Тұран даңғылындағы учаске уақытша жабылады

Астанада Тұран даңғылындағы учаске уақытша жабылады
Фото: © El.kz/Арман Мухатов 21.02.2024 20:24 787

Тұран даңғылындағы Орынбор мен Бағланова көшелерінің аралығында инженерлік желілерді төсеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты 2024 жылғы 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында көлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, іргелес учаскелерде тиісті жол белгілері орнатылып, бағдаршамдардың жұмыс режимдеріне түзетулер енгізілді. Қосымша ақпараттық белгілер орнатылды.

Баламалы бағыттар Айтматов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы болып саналады.

Аталған уақытта кептелістерді азайту үшін Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолақтарымен жүруге уақытша рұқсат етіледі. Олар бойынша қозғалыс бұзылыстарын тіркеу өшіріледі. № 26, 27, 40 қалалық автобустардың бағыты өзгертілді.

Жол қауіпсіздігі мақсатында полиция департаменті жүргізушілерге өте мұқият болып, маршрутты алдын ала жоспарлау қажет екенін ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға