Астанада Тұран даңғылында бірнеше учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Тұран даңғылына орташа жөндеу жүргізеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 21 маусымы сағат 21:00-ден 22 маусым сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында көлік қозғалысы шектелетін болады.
Сондай-ақ 22 маусым күні сағат 21:00-ден 23 маусым күні сағат 12:00-ге дейін Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.