Жаңалықтар

Астанада түнгі автобус бағыттары тоқтайды

Астанада түнгі автобус бағыттары тоқтайды
Фото: El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ 12.09.2024 14:49 260

14-15 қыркүйек аралығында елордада түнгі автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік мәліметінше, мұндай шешім күндізгі уақытта жолаушылар ағынының артуы және қалалық тұрақты бағыттар бойынша түнгі автобустарды пайдаланудың ұтымдылығына байланысты қабылданған.

№201, №202 және №203 түнгі бағыттар іске қосылғаннан бері 21116 жолаушы тасымалданды:

  • № 201 маршрут 10 534 жолаушыға қызмет көрсетті;
  • № 202 маршрут 5 061 жолаушыны тасымалдады;
  • № 203 маршрут 5521 жолаушыны тасымалдады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға