Жаңалықтар

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы аясында қоғамдық орындарға рейд өткізілді

Астанада «Тоқта, вандал» акциясы аясында қоғамдық орындарға рейд өткізілді
Фото: © Pixabay.com 11.11.2023 18:25 1060

Бұл шараға тәртіп сақшыларымен қатар, қоғам қайраткерлері, Ауған соғысының ардагерлері, аудан белсенділері, белгілі спортшы Айтым Жақыпов және «Астана жастары» волонтерлары катысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, Астананың өзінде соңғы 10 айда 120 факт тіркелген. Бұзақылар аялдама тұрағы, демалыс орындары секілді инфрақұрылым нысандарын бүлдірген көрінеді.

Вандализм жасағандар жазасыз қалмайды. Себебі қазір мұндай бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жиі жүргізілуде. Бұл акция қала мүлкін қорғауға, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға бағытталған. Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әкімшілік жауапкершілікке, атап айтқанда 200 АЕК-ке дейінгі айыппұлға әкеп соғады. 90 әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді және 17 әкімшілік қамауға алынды.

Соңғы 10 айда Астана бойынша 120 дерек тіркелді. Полиция қызметкерлері анықталғаннан кейін тиісті шаралар қабылдады. Құқық қорғаушылар құқық бұзушыны анықтайды, әкімшілік хаттама жасайды және материалдарды әкімшілік сотқа жібереді, - деді Сарыарқа ауданы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ділшат Қойшыбаев.

Түнгі рейдке «Тоқта, вандал» акциясы аясында белгілі спортшы, Street Workout Kazakhstan қозғалысының негізін қалаушылардың бірі, әлеуметтік қайраткер Айтым Жақыпов пен еріктілер қатысты.

Осы акцияның белсенділері жұртшылықты қаламыздың тазалығына тиісті түрде көңіл бөлуге шақырды. Кез-келген азамат қаланың келбетін сақтауға күш сала алады. Біз вандализмге қарсымыз. Сондықтан біз мұндай рейдтерге жиі қатысамыз. Біздің мақсатымыз – тәртіпсіздік жасағандармен сөйлесу, тәрбие жұмысын жүргізу. Баршаңызды спортпен шұғылдануға шақырамыз, - деп атап өтті Айтым Жақыпов.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 1200-ге жуық хаттама жасалды. Вандализмге қарсы уақытылы шаралар мен жұртшылықтың қатысуының арқасында істердің саны ай сайын азайып келеді. Рейдтер елорданың 5 ауданында жалғасуда, қала бойынша күнделікті кезекшілік жүргізілуде, оған 2 500 құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға