Жаңалықтар

Астанада төбелестен екі оқушы қаза тапқаны рас па? Полиция пікір білдірді

Астанада төбелестен екі оқушы қаза тапқаны рас па? Полиция пікір білдірді
Фото: pixabay.com 11.10.2024 12:35 737

Әлеуметтік желіде Астанадағы №37 мектептің жанында төбелес болып, екі оқушы қаза тауып, үшеуі ауыр жараланғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция осы дерекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің өкілдері төбелес туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы №37 мектептің жанында  төбелес болғаны туралы және екі адамның қаза тауып, бірнеше адамның ауруханаға түскені жайлы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарады. Төбелестің орын алғаны, сондай-ақ оның барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Астана қаласының Полиция департаменті көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден ғана алуды сұраймыз, - делінген хабарламада.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға