Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді

 Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Осыған дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтетіні хабарланды.

Шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады деп күтіліп отыр.

Оқи отырыңыз