Жаңалықтар

Астанада теннистен VI жазғы Спартакиада өтіп жатыр

Астанада теннистен VI жазғы Спартакиада өтіп жатыр
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 09.07.2023 08:27 994

Астана қаласындағы «Дәулет» теннис орталығында ҚР VI жазғы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шарада алғашқы болып Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев сөз сөйлеп, жарыстың ережелерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Спартакиаданың төрешілерін таныстырып, доданың әділ өтуі үшін тәртіп болуы керектігін айтты.

Бір аптаға созылатын сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 45 спортшы қатысады. Оның ішінде ерлер - 23, әйелдер - 22.

Бәсекеде Ұлттық құрама сапында танылып үлгерген спортшылар да бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Гозаль Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Григорий Ломакин, Достанбек Ташбулатов, Тимур Мәуленов елішілік турнирдің жүлдесіне таласады. Жарыстың нәтижесі туралы алдағы уақытта хабарлаймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға