Жаңалықтар

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясына арналған 40 метрлік мурал ашылды

Астанада «Таза Қазақстан» экоакциясына арналған 40 метрлік мурал ашылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 04.09.2024 02:18 274

Сурет Сығанақ көшесі, 1 үйінің қабырғасына салынды. Оның биіктігі – 40 метр және ауданы 480 шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, муралда ұлттық киімдегі балалар бейнеленген. Көшетті суарып тұрған балалар өсу мен өркендеуді бейнелейді. Көк аспанның фонында шаңырақ пен уықтарды және Астананың көрнекті жерлерімен безендірілген жасыл планетаны көруге болады. Муралда «Таза Қазақстан - Таза болашақ» деген жазу жазылған.

Мурал осы жылдың сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының аясында салынған. Осы бастама аясында елордада түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған мыңдаған астаналық қатысты. Тұрғындар қаланы абаттандыруға, ағаш отырғызуға, өзендерді тазартуға және рұқсат етілмеген полигондарды жоюға белсенді қатысып, әлеуметтік бастамаларға қолдау беруде, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға