Жаңалықтар

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Есірткісіз қала» жобасы жүзеге асырылды

Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Есірткісіз қала» жобасы жүзеге асырылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі 18.05.2024 23:13 776

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Есірткісіз қала» жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер ұйымдары, жастар ұйымдары, мемлекеттік органдар бірлесе қатысып жатыр.

Мемлекет басшысының бастауымен «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы өтіп жатыр. Оның аясында сенбіліктер, акциялар, түрлі іс-шаралар өтуде. Ол экомәдениетті қалыптастыруға бағытталады. Сол сияқты «Есірткісіз қала» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Оның барысында синтетикалық есірткілер жарнамаланған сайттар көрсетілген тұстарды өшіріп жатырмыз, - деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Мағзұм Арсланбек.

Өз кезегінде Полиция департаментінің есірткімен күрес басқармасының бастығы Сергей Ильиных есірткі үшін Қылмыстық кодексте қатаң жаза белгіленгенін мәлім етті.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында есірткі індетіне қарсы ұстанымды қалыптастыру. Осы мақсатта жобаның алғашқы іс-шарасы ретінде Астанада ірі көлемде өтіп жатыр, - деді «Жастар және балалар ұйымдары одағы» үкіметтік емес ұйымының өкілі Жомарт Әбішев.

Астанада жыл басынан бері «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр, оған еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірді.

Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.

Жыл басынан бері сот 120-дан астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы аумақтарды ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға