Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада Таласбек Әсемқұловты еске алу кеші өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, аудармашы, кинодраматург, күйші  Таласбек Әсемқұловтың туғанына  70 жыл толуына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жиынның мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген қаламгердің мұрасын дәріптеуге арналып отыр.

Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан жазушы еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығына арналған баяндамалар оқылды.

Сонымен қатар автор орындаған күйлері шертіліп, қаламгер жайында естеліктер айтылды.