Астанада талапқа сай емес жарнамалық маңдайшаларды жою жұмыстары жалғасуда
11.04.2025 21:05
Фото:
instagram.com/saryarqa.audany
Астананың «Сарыарқа» ауданында бекітілген талаптарға сай келмейтін жарнамалық маңдайшаларды алып тастау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жыл басынан 400-ге жуық заңсыз маңдайша демонтаждалды
Айта кету керек, талапқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды демонтаждау, басқа жарнама орнатуға тыйым салмайды. Кәсіпкерлер дизайн-код талаптарына сай жаңа маңдайшалар жасап, өз жарнамаларын орналастыра алады.

