Астанада такси жүргізушісі қораптағы телефонды сатып жіберді
Елорда тұрғыны өз ұлына сыйлық ретінде Айфон 16 Про ұялы телефонын сатып алып, оны жеткізіп беру үшін такси жүргізушісіне сеніп тапсырамын деп алданып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алайда күдікті 32 жастағы таксист телефон қорабын ашып, құрылғыны өз пайдасына жаратып, басқа адамға сатып жіберген. Осы дерек бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға бейтаныс адамдарға қымбат бағалы заттарды сеніп тапсыра бермеуді ескертеді. Құнды тауарларды тек ресми жеткізу қызметтері арқылы немесе жеке бақылаумен беру ұсынылады, - деп жазылған ІІМ таратқан хабарламада.

