Жаңалықтар

Астанада тағы үш көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр

Астанада тағы үш көшеде жөндеу жүргізіліп жатыр
Фото: © El.kz 26.07.2023 14:00 818

Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ш.Құдайбердіұлы, Қараменді би Шақаұлы және Ақыртас көшелерінде жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Еl.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмысына байланысты 26-30 шілде аралығында Шу көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ш.Құдайбердіұлы көшесі бойында қозғалыс толығымен жабылады.

Оқи отырыңыз:

26-28 шілде аралығында Қараменді би Шақалы көшесінің Бейбарыс Сұлтан көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі аралығы жөндеуге байланысты жабылады.

26-27 шілде аралығында жол төсемін орташа жөндеуге байланысты Дауылпаз көшесінен Р.Қошқарбаев даңғылына дейінгі учаскедегі Ақыртас көшесі толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға