Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылды
12.07.2023 03:19
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 12-15 шілде аралығында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылымен өтетін жергілікті жол жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

