Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады
06.06.2025 02:05
Фото:
Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Домалақ ана көшесінің Қорғалжын тасжолынан Қ.Мұхамедханов көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу аясында жол жабынының жоғарғы қабатын төсейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 5-6 маусым аралығында аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

