©Pixabay.com

Астанада тағы бір көше жабылды

Астанадағы Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде Егемен Қазақстан газеті көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ мәліметінше, осыған байланысты 16-18 тамыз аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.