Жаңалықтар

Астанада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады

Астанада тағы бір Bus Lane жолағы пайда болады
Фото: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.08.2024 09:22 276

20 тамыз күні елордада тағы бір Bus Lane жолағы Әл-Фараби даңғылының Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралығында, екі бағытта іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта бұл аудан - қарқынды өсіп келе жатқан аудандардың бірі. Бұл көшемен 5 бағдар (№ 15, 28, 35, 58, 84) бойынша күніне 80 автобус жүреді.

Bus Lane жолағы жедел жәрдем қызметі, арнайы қызметтер мен өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, қоғамдық көліктер қозғалысының жол жүру уақытын, аралықты, аялдамаларда жолаушылардың автобустарды күту уақытын қысқартуға ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға