Жаңалықтар

Астанада судьяны ұрлап кеткен ер адамға іздеу жарияланды

Астанада судьяны ұрлап кеткен ер адамға іздеу жарияланды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.07.2024 15:37 730

Астанада судьяны ұрлап, отбасын қорқытып, 300 мың теңге несие алуға мәжбүрлеген ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу бетперде киіп, қолында қарумен судья Ордабаевқа үйінің тұрағында шабуыл жасап, оны күштеп көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Шабуылшы судьяны үлкен сома бермесе, отбасына қиындық тудыратынын айтып қорқытқан.

Ордабаев 300 мың теңгеге несие алып, ақшаны берді. Кейін қылмыскер өлтіремін деп қорқытып, тағы 12 миллион теңге және сот актісін жоюды талап еткен.

Судья полицияға хабарласты. «Адам ұрлау», «Бопсалау» және «Сот төрелігіне кедергі келтіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға