Жаңалықтар

Астанада су мен ауаның сапасына мониторинг қалай жүргізіліп жатыр

Астанада су мен ауаның сапасына мониторинг қалай жүргізіліп жатыр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 24.07.2023 15:28 1263

Елорданың санитарлық қызметі атмосфералық ауаның ластану дәрежесін бағалау үшін ауыз су сынамаларын іріктеудің 44 бақылау нүктесінде және 39 нүктеде мониторинг жүргізеді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өткен алты айда бақылау нүктелерінен санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге 255 ауыз су сынамасы алынды, оның ішінде санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 11 сынама сәйкес келмеді: 10 – Интернациональный және Мичурино елді мекендерінің ұңғымаларындағы қаттылық, құрғақ қалдық және марганец бойынша.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 6 сынама талаптарға сәйкес келмеді (Сарыарқа ауданындағы су жинау бағаналарынан іріктелген).

Судың микробиологиялық көрсеткіштерінің сәйкес келмейтін нәтижелері бойынша «Астана Су Арнасы» қызмет көрсетуші компаниясы алдын алу іс-шараларының кешенін – жуу және дезинфекциялау жүргізді, содан кейін судың іріктелген бақылау сынамалары белгіленген нормаларға сәйкес келеді. Күн райы жылы уақытта ашық су айдындары – Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендері мен Астана су қоймасы суының сапасына мониторинг жүргізіледі, ол үшін тұрмыстық су пайдалану орындарында, рекреация аймақтарында және нөсер шығаруларынан бақылау нүктелері айқындалды, сондай-ақ субұрқақтар суына мониторинг жүргізіледі, – деп хабарлады онлайн-брифингте Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Субұрқақ кешендерінің суын зертханалық тұрғыда зерттеу нәтижелері бойынша маусым айында санитарлық-химиялық және 1 микробиологиялық көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндерге 4 сәйкессіздік анықталды. Қазір тиісті органдар субұрқақтарды тазалау, жуу жұмысын жүргізуде.

Мониторинг аясында 2023 жылы атмосфералық ауаның 9591 сынамасы зерттелді, ШРК артуы келесі ингредиенттер бойынша 626 сынамада анықталды: күкіртсутек, күйе, шекті көмірсутектер, азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді.

Атмосфералық ауаның ең көп ластануы қыс мезгілінде байқалады, бұл жылыту маусымына, ЖЭО-да жанатын отын мөлшерінің ұлғаюына, жеке секторда пешпен жылытуды пайдалануға және отын сапасына, автокөліктің ұзақ жұмыс істеуіне байланысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға