Астана қаласы әкімдігі

Астанада спорт күніне орай отырып ойнайтын волейболдан турнир өтті

Елордадағы  Паралимпиадалық жаттығу орталығында спорт күніне орай  отырып ойнайтын волейболдан турнирөтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спорттық жарысқа ардагерлер, әйелдер және ерлер қатысты. Турнир достық кездесу форматында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдармен марапатталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарытың мақсаты – спорттың әр адамға қолжетімді екенін көрсету және белсенді өмір салты түрлі ерекшеліктері бар адамдардың да қоғамның толыққанды бөлігі болуына ықпал ететінін дәлелдеу.

Айта кетейік, мерекеге орай елордалық спортшылар қазақстандықтарды мерекемее құттықтап, спорттағы жетістік жолдарымен бөлісті.