Жаңалықтар

Астанада спорт барынан өрт шықты

Астанада спорт барынан өрт шықты
Фото: Pixabay.com 30.06.2024 19:50 438

Бүгін елордалық құтқарушылар Нұра ауданының спорт барларының бірінде болған өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына келген қызметкерлер мекеменің ас үйінде қуырғышта май жанғанын анықтады.

ТЖМ күштерімен өрт 10 шаршы метр аланда жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Есіңізде болсын! Егер май жанса:

Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;

Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ қақпақ әйнектен жасалған болмауы керек!

Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз - бұл қауіпті;

Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға