Жаңалықтар

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті

Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ұлттық үйлестірушілерінің отырысы өтті
Фото: ҚР СІМ 02.07.2024 11:36 620

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттері ұлттық үйлестірушілер кеңесінің (ҰҮК) отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, ұлттық үйлестірушілер ШЫҰ саммитінің қорытынды құжаттарын қарастырып, көпсалалы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығымен өтетін іс-шараларды дайындау мәселелерін талқылады.

Қазақстанның ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы өткен кезеңде өңірдегі өзара тиімді, сенімді және көп қырлы өзара іс-қимылды дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтіп, кезекті Астана саммитінің сәтті өтетініне сенім білдірді, - делінген мәліметте.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кездесуін өткізумен Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығын аяқтайды. Тараптардың бірлескен күш-жігерімен Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ ынтымақтастығының барлық спектрі бойынша 150-ден астам іс-шара өткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға