Астанада сенбілік кезінде 4 мыңға жуық тал көшеттері отырғызылды
07.10.2023 15:49
Фото:
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сенбілік кезінде 300-ге жуық жасыл желек отырғызылды. Оған мыңнан астам адам, оның ішінде ҚР Конституциялық сотының қызметкерлері, бизнес, қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Тазартылған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 410 мың шаршы метрді құрады. Сондай-ақ 75 бірлік тиеу техникасы және 36 бірлік жүк техникасы жұмылдырылды.
Экологиялық айлықтың басынан бастап сенбіліктерге барлығы 4000-ға жуық жасыл желек отырғызылды.
Елорданың ҚТҚ полигонына 1700 тоннадан астам қоқыс жиналып шығарылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

