Жаңалықтар

Астанада Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысы жабылады

Астанада Сауран мен Ақмешіт көшелерінің қиылысы жабылады
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 21.08.2023 05:00 479

Астанада LRT желісінің жобасын іске асыру аясында Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыған байланысты 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, нақтырақ айтқанда Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін созылады.

Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.

LRT құрылысының барысы туралы жаңалықтар @cts_kz парақшасында жарияланады.

Қала тұрғындары мен көлік иелері жағдайға түсіністікпен қарауды және өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген CTS хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға