Жаңалықтар

Астанада сауда үйінен телефон ұрлаған азамат ұсталды

Астанада сауда үйінен телефон ұрлаған азамат ұсталды
Фото: Видеодан кадр 14.11.2023 14:20 698

Астанада сауда үйінен телефон ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Байқоңыр ауданы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде құны 460 мың теңге тұратын Samsung ЕЅ-23 телефонын алып кеткен 39 жастағы астаналықты анықтады.

Күндізгі уақытта электронды техника дүкенінде болған кезде, ер адам тауар сөрелеріндегі телефондарды қарап жүріп, телефонды білдіртпей қалтасына салып алып кеткені анықталды. Ер адамның әрекеттері бейнекамераға түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған астаналықты ұстады, ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас қылмыстардың бірнеше эпизодына қатысы бары анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ер адам қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға