Жаңалықтар

Астанада сауда орталығы өртенді

Астанада сауда орталығы өртенді
Фото: видеодан алынған кадр 17.07.2024 09:26 644

Астанада «Ажар» сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты «Ажар» сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ.

Өрт алдын ала 80 шаршы метр алаңда оқшауланғаны айтылды.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша, 60 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 техникасы жұмылдырылған. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға