Республика күніне орай және «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында Мемлекеттік рәміздер алаңында ауқымды флешмоб өтті, оған қатысушылар «Атамекен» әнін орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға елордалық мектептердің 1500-ден астам оқушысы қатысты.
Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған.
Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы - ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды.
Астанада республика күніне орай 1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін орындады
22.10.2025 19:46
Фото:
Астана әкімдігі

