Жаңалықтар

Астанада рекордты көлемде мектептер салынып жатыр

Астанада рекордты көлемде мектептер салынып жатыр
Фото: Астана қалалық әкімдігі 30.07.2024 15:28 368

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында алдаеы оқу жылында ашылатын мектептер туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшысының айтуынша, Астанада рекордты көлемде мектептер салынып жатыр. Қазіргі уақытта 100 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымды) арналған 30-дан астам мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Олардың арасында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Samruk-Kazyna Construction салатын (2024-2025 жылдары) 90 мың оқушы орнына арналған екі ауысымды 24 жайлы мектеп бар.

Қаланы аралау барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярмен бірге оқу жылының басында ашылатын жайлы мектептерге бардық. Бұл 8 мектеп мына мекенжайларда орналасқан: Сарыарқа ауданында Ұлытау мен Наурыз көшелерінің қиылысында, Бейбарыс Сұлтан көшесінде, Нұра ауданында Төле би көшесі мен 24 көшенің қиылысында, Есіл ауданында Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында, Нұра ауданында Төле би көшесі, 31 мекенжайында, Мәңгілік ел даңғылы мен Е-497 көшесінің қиылысында, Орынбор көшесі мен №37 көшенің қиылысында, Алматы ауданында А.Байтұрсынов көшесінде.

Сондай-ақ, оқу жылының басында жоғарыда аталған оқу орындарынан басқа тағы үш мемлекеттік және бір жеке мектеп ашу жоспарланып отыр.

Сол сияқты жыл соңына дейін тағы 7 жайлы мектеп, 5 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектеп ашу жоспарда бар.

Осылайша, жаңа оқу жылы барысында 23 мектептің құрылысы аяқталады, – деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға