Астанада қымбат әтірлерді қолды қылған ер адам ұсталды
Фото: © Vostock
Фото: © Vostock
04.01.2024 16:14
1064
Елордада сауда орталығынан қымбат әтірлерді қолды қылған азамат ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қымбат парфюмді ұрлау камераға түсіп қалған Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде парфюмді ұрлауға қатысы бар 37 жастағы ер адамды анықтады.
Ол әтір сатып алатындай кейіп танытып, ол жаңажылдық мерекелердегі қарбаласты пайдаланып, өзін ешкім бақыламай тұрғанына көз жеткізген соң сөредегі парфюмді алып, күртесінің қалтасына үш әтірді салып алған
Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамнан заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты