Астанада құтқарушылар мысықты аман алып қалды
01.12.2024 14:18
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Астана қаласында терезеге қысылыр қалған мысықты құтқару қызметінің мамандары аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Алматы ауданында Астана Қарағанды трассасында орналасқан ЖЖМ бекеттерінің бірінде мысық дүкеннің терезе қаптамасының арт жағында қысылып қойды. Мияулаған дауысты естіген дүкенші немқұрайлы қарамай, ТЖМ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, шанц құралдарының көмегімен жануарды аман-есен босатып, оны оқиға куәгеріне тапсырды, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.

