Астанада құрылысшы 16-қабаттан құлап кетті
14.08.2023 03:29
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Елордада 16-шы қабаттан құлаған құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осы жылдың 12 тамызында Астана қалалық полиция департаменті Алматы аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне құрылыс нысанында 16-шы қабаттан адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды. Құрылыс жұмыстары барысында жұмысшының желдету шахтасына құлағаны анықталды. Ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, - деп атап өтті қалалық полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша еліміздің Қылмыстық кодексінің 277-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

