Жаңалықтар

Астанада құрылыс қалдықтарын қабылдау алаңы іске қосылды

Астанада құрылыс қалдықтарын қабылдау алаңы іске қосылды
Фото: El.kz 27.03.2023 12:32 745

Елордалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы стихиялық қоқыс үйінділерінің пайда болу ауқымын азайту үшін құрылыс қалдықтарын қабылдау және қайта өңдеу бойынша санкцияланған алаңды іске қосты, деп El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алаңда бетон, кірпіш, асфальт, темірбетон және қатты құрылыс қалдықтарының өзге де түрлері қабылданады.

Экологиялық кодекстің 376-бабына сәйкес құрылыс қалдықтары тікелей құрылыс алаңында немесе арнайы жерде қалдықтардың басқа түрлерінен міндетті түрде бөлінуге жатады.

Құрылыс компанияларының бәрі экологиялық заңнама талаптарын бұзбау үшін алаңның сенімгерімен тікелей шарт жасай алады.

Өзге қоспалардан бөлінген таза құрылыс қалдықтарын қабылдау 1 тонна үшін 1300 теңге тариф бойынша жүргізіледі.

Қала тұрғындары (жеке тұлғалар) күнтізбелік жыл ішінде құрылыс қоқыстарын 250 келіге дейінгі алаңға тегін тапсыра алады.

Алаң Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы (Астана-Павлодар тасжолы) мекенжайында, ҚТҚ қалалық полигонына қарама-қарсы орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға