Жаңалықтар

Астанада құрылыс басында кран құлады

Астанада құрылыс басында кран құлады
Фото: ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 09.05.2023 17:13 1064

Елордада салынып жатқан «Capital Park«тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде мұнара краны құлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі 

Бұл туралы еліміздің ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Комитет таратқан алдын ала ақпарат бойынша, оқиға бүгін сағат 11:20 шамасында болған.

«BI Group» құрылыс компаниясына тиесілі «Capital Park» тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде (Есіл ауданы, Керей-Жәнібек хандар, Бұқар Жырау, № 37 және № 38 көшелерінің қиылысы) мұнара кранын монтаждау кезінде ережелер мен талаптар сақталмады. Атап айтқанда, секцияаралық бекіту бұрандалары болмаған. Нәтижесінде мұнара краны жақын тұрған автокранның бағыттау бөлігіне құлады. Онда «Андрюшкин» жеке кәсіпкерлігінің машинисі болған. Ол ауруханаға жатқызылды», - деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметіндеегілер. 

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне қарасты Астана қалалық департаментінің инспекторлары жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға