Жаңалықтар

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары анықталды

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары анықталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 06.06.2024 22:50 554

Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарларда құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың сақталуын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

- «Шанхай» базары
- «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)
- «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)
- «Шолпан-ата» базары («Алаш» тас жолы, 27/2)
- Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.

Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады, - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнулдаев.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесінің басталуы 17 маусым, дүйсенбіге келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға