Жаңалықтар

Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды

Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды
Фото: © «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы 26.10.2023 18:10 1896

Бас қалада бір жағынан жалмауыз кемпірді, екінші жағынан қызды бейнелейтін қоқыстан жасалған Жұмбақтастың көшірмесі пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Жұмбақтас – Бурабайдың ең басты символдарының бірі. Оны жыл сайын мыңдаған турист көруге келеді. «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысы еліміздің киелі жерлеріне келетін туристердің қаншама қалдықтарды қалдыратынын көрсету үшін арнайы осы арт-жобаны дайындады.

Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды

Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды

Астанада қоқыстан жасалған Жұмбақтас пайда болды

© «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

Белсенділер Бурабайдағы қоқыстарды жинап, одан Жұмбақтас тасының мүсінін жасады. «Қоқыстас» арт-нысаны Қазақстанның мәдени мұрасының сақталуы мен тазалық үшін күрестің символына айналды.

Жыл сайын Бурабайдың бірегей табиғат әсемдігімен танысуға келетін туристердің саны артып келеді. Көрікті жердің танымалдығымен қатар қоқыстың да көлемі өседі. Талай тарихи оқиғаларға куә болған Жұмбақтас жазулармен көмкеріліп, қоқысқа толып жатыр.

Біз киелі жерлер мен мәдени ескерткіштердің жойылуына немқұрайлы қарай алмаймыз. Қазақстандықтарды табиғатымыз бен тарихымызды сақтау үшін күреске қосылуға шақырамыз. Өзіңізден бастаңыз, қоқыстарды шашпай, табиғатты құрметтеңіз. Жерге тасталған қоқыс аз ғана уақыт ішінде айналаны жұтып алуы да мүмкін, - деді «Жаңа Адамдар» жастар қозғалысының белсендісі Бауыржан Аманов.

Айта кетейік, «Қоқыстас» арт-объектісі «Киелі табиғат» эко-сенбілігін және басқа да көптеген экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға