Жаңалықтар

Астанада қоқыс төккендер 70 млн теңге айыппұл төледі

Астанада қоқыс төккендер 70 млн теңге айыппұл төледі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі 25.01.2024 22:51 736

Елордада стихиялық полигондармен күрес тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері қаланың бес ауданында 100 мың тоннадан аса қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорданың әр ауданында күн сайын рұқсат етілмеген полигондардың болуына мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері қаладағы және елорданың іргелес аумақтары бойынша 223 учаске (338-ден) - 67% жойылды, 100 мың тоннадан аса қоқыс (8 500 рейс) шығарылды. Оның ішінде Алматы ауданында 61 учаске (62-ден), Байқоңыр ауданында – 44 учаске (46-дан), Есіл ауданында 84-тен 39 учаске, Сарыарқа ауданында 23-тен 22 учаске және Нұра ауданында 120-дан 54 учаске жойылды. Жұмыстарға 100-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Бұл ретте жергілікті полиция қызметі өткен жылы абаттандыру ережелерін бұзған 17 мың адамды анықтады. Олар ҚР ӘҚБтК-тің 505-бабына сәйкес, 70 млн теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ экология департаменті ҚР ӘҚБтК-тің 344-бабы бойынша экологиялық талаптарды бұзушыларға 1 млн 300 теңге сомасында айыппұл салды.

Айта кету керек, барлық қалдықтар арнайы техникамен бірге «Солтүстік жотаның» аумағына шығарылды. Шығарылған арнайы техниканың жалпы саны өткен жылы 20 бірлікті құрады. Сондай-ақ жүк көлік құралдарының қозғалысын шектеу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін ұйымдастырудың алдын алу үшін Астанада тыйым салатын жол белгілері орнатылды. 

Биыл Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасымен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиналатын орындарға тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін жалпы бейнебақылау камераларының саны ұлғайтылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға