Астанада Қонаев көшесіндегі учаске уақытша жабылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
27.06.2023 10:09
779
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Д.Қонаев көшесі бойынша орташа жөндеу жұмысын бастады туралы хабарлайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 27 маусымнан 3 шілдеге дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қатарынан екінші аптада азық-түлік бағасы өскен жоқ