Жаңалықтар

Астанада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу әдісі өзгереді

Астанада қоғамдық көлікте жол ақысын төлеу әдісі өзгереді
Фото: © El.kz 24.08.2023 11:26 957

Елордада жолаушылардың шамамен 40%-ы қоғамдық көлікте жол ақысын төлемейді. Бұл мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қалада тұрғындардың жол ақысын төлемеу мәселесі отырыста талқыға түсті.

Әр жолы автобустарға 3-4 миллион теңге сұрайсыз. Бірдеңе өзгере ме, әлде адамдар осылай көлікке мініп, жол ақысыз жүре беруін жалғастыра ма?, – деді мәслихат депутаты Владислав Сергеев.

"Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ басшысының м.а. Бауыржан Тайбергенов автобустардағы төлем жүйесін ауыстыру жоспарланғанын айтты.

Қазір QR кодтарымен төлеу деген бар. Олар QR-ды сканерлейді де, төлемейді, тексерушілердің келгенін күтеді. Сондықтан енді QR кодтарын алып тастаймыз, ал азаматтар кірген сәтте тек банк картасымен жол ақысын төлейді. Банк жүйесі арқылы билетсіз жүретін жолаушылардың саны екі есе, мүмкін үш есе азаяды, – деді Тайбергенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға