Астанада QJ League үшінші маусымының салтанатты жабылуы өтті
Астанада жасөспірімдер арасындағы футбол чемпионаты – Freedom QJ League жобасының үшінші маусымы ресми түрде қорытындыланды. Іс-шараға командалардың ойыншылары мен бапкерлері, сондай-ақ лига мен клубтардың басшылары қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ал көпшілік алдында Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория, Freedom Holding Corp. атқарушы директоры Тимур Турлов және Freedom QJ League президенті Рохус Шох және ұлттық құраманың аңыздары болды.
Қазақстанда футболды жүйелі түрде дамытып келе жатқан Freedom Holding Corp.-қа алғысымды білдіремін. Үш жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан бұл жоба жас спортшылардың өсуіне, жетілуіне және өз болашағына сенуіне жол ашты. Мұндай бастамалар – ертеңгі мықты футболдың іргетасы, – деді Давид Лория.
Ал Тимур Турлов өз сөзінде жобаның алғашқы идеясы мен жетістіктерін еске алды:
Үш жыл бұрын QJ League – әрбір талантты бала Қазақстанда футбол ойнай алсын, дамысын деген арман еді. Бүгін ол арман орындалды. Қазір лигада 54 команда, 1500-ден астам ойыншы, 5 турнир, оның ішінде алғаш рет қыздар маусымы бар. Бір маусымда 542 матч, мыңдаған жанкүйер – бұл үлкен жетістік. Бірақ ең маңыздысы – лиганың мәнін толтыратын адамдар. QJ жобасына сенген әр жанға алғыс білдіремін. Алға, QJ! – деді ол.
Өз кезегінде лига президенті Рохус Шох жастарға үндеу жасады.
Мен Қазақстан жастарына сенемін. Олардың энергиясы мен жанкештілігі – осы жобаның қозғаушы күші. Біз елдің түкпір-түкпіріндегі балалардың жүйелі түрде жаттығып, өздерін таныта бастағанын көріп отырмыз, – деп атап өтті.
Маусым қорытындысы бойынша үшінші жыл қатарынан «Қайрат» командасы чемпион атанып, кубокты көтерді. Клуб ұлттық чемпион ретінде тағы да UEFA жасөспірімдер лигасында ел намысын қорғайды.
Маусым жеңімпаздары 18 номинация бойынша марапатталды:
Changan MVP of the Season – Глеб Макридов («Шахтёр»)
Жыл перформансы – Мақсат Абраев («Астана»)
Эдуард Сон атындағы сыйлық (үздік шабуылшы) – Абылай Төлеухан («Қайрат»)
Евгений Яровенко атындағы сыйлық (үздік қорғаушы) – Әкежан Каликулов («Қайрат»)
Антон Шох атындағы сыйлық (үздік жартылай қорғаушы) – Даниял Назаров («Астана»)
Александр Убыкин атындағы сыйлық (үздік қақпашы) – Мадияр Төлеубек («Ертіс»)
Евстафий Пехлеваниди атындағы сыйлық (үздік бомбардир) – Дәулет Орынбасар («Қайрат»)
Асхат Тағыберген атындағы сыйлық (ең әдемі гол) – Аружан Оспанова («Ертіс» W)
Игорь Шацкий атындағы сыйлық (үздік сейв) – Махмуджан Сунгатуллин («Жас Қыран» U18)
Сонымен қатар, үздік бапкер, төреші, дәрігер, менеджер және медиа-қызмет номинациялары да өз иелерін тапты.
Маусымның символдық құрамасы да анықталды:
қақпашы – Мадияр Төлеубек («Ертіс»),
қорғаушылар – Әкежан Каликулов («Қайрат»), Василий Леонтьев («Шахтёр»), Санат Нұрболат («Қайрат»),
жартылай қорғаушылар – Даниял Назаров («Астана»), Алиден Мусаипов («Қайрат»), Руслан Рахметов («Ертіс»), Жанәлі Есеналиев («Ордабасы»),
шабуылшылар – Абылай Төлеухан («Қайрат»), Глеб Макридов («Шахтёр»), Ален Пак («Астана»).

