Жаңалықтар

Астанада «Қазіргі қоғамдағы буллинг мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Астанада «Қазіргі қоғамдағы буллинг мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 15.11.2023 13:04 1073

Елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бастамасымен «Қазіргі қоғамдағы буллинг мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы мүшелері, Астана қаласы діни бірлестіктер өкілдері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жиын барысында «Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Қайролла Кушкалиев, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК психологиялық қолдау бөлімінің әдіскері Майра Рустимова, Жоба үйлестірушісі: адам құқықтарына назар аудару: әйелдер мен балалар, «Қадыр Қасиет» ҚБ Таңат Есенғұлов, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Қойшиев, Успен кафедралды соборының Ключарийі Дмитрий Байдек, «Астанадағы Қасиетті Мәриям Рим-католиктік Архиепархия» ДБ өкілі Петр Пытлова, «Астана қаласы «Агапе» Қасиетті Елуліктің Христиандық Шіркеуі» ЖДБ басшысы Игорь Цой сөз сөйледі.

Олар өз сөзінде бұл тақырыптың ерекше маңыздылығын, оның қоғамдағы бірлік пен игілікті сақтаудағы алатын ерекше рөлін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға