Астанада Қазақстанның Құрылыс саласының форумы өтеді
24.10.2023 22:29
Фото:
©El.kz/Арман МҰХАТОВ
2023 жылғы 27 қазанда Астанада «Құрылыс кодексі – болашақтың құрылысы» тақырыбындағы Қазақстанның Құрылыс саласының форумы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, «Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АО-ның бас директоры Бегман Кульбаев, сонымен қатар құрылыс саласының жетекші мамандары мен сарапшылары, мемлекеттік органдар мен реттеушілердің өкілдері, сондай-ақ жетекші құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер қатысады.
Форумның негізгі тақырыптары:
- Жаңа кодекс – жаңа мүмкіндіктер. Құрылыстағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
- Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың реттеуді жетілдірудегі рөлі.
- Құрылыс сапасы бірінші кезектегі міндет ретінде.
- Қоғамдық бақылау. Ашықтық-жариялылық-заңдылық.
Панельдік пікірталас тақырыптары:
- СРО институтын дамыту
- ИТР институтын жетілдіру
- Рұқсат беру жүйесі
- Қазіргі құрылыс индустриясындағы сараптама рөлі
- Сараптама жүргізу мерзімдерінің құрылыс құны мен мерзімдеріне әсері
- Құрылыста FIDIC келісімшарт нысанын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері
- FIDIC келісімшарттарын қолдану кезіндегі Тараптардың рөлі мен жауапкершілігі
- FIDIC келісімшарттарының нысандарын ұлттық заңнаманың ерекшеліктеріне бейімдеу.
Форумның өтетін орны - Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

