El.kz

Астанада Қазақстан мен Словения матчына қосымша автобустар қатынайды

22.03.2023 15:23

Футболдан Қазақстан мен Словения матчынан кейін жанкүйерлер үшін қосымша автобустар қатынайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"23 наурызда Қазақстан мен Словения құрамаларының футбол матчынан кейін жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін қосымша №10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді", – делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Матчтың басталуы – 21:00-де. Жол жүру құны 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы жүзеге асырылады. Жеңілдігі бар көлік карталары жарамды.