Жаңалықтар

Астанада қайын апасын тапсырыспен өлтірмек болған азамат сотталды

Астанада қайын апасын тапсырыспен өлтірмек болған азамат сотталды
Фото: © iStock 09.01.2024 22:24 948

Астанада әйелінің туысын тапсырыспен өлтіруді жоспарлаған ер адамға қатысты іс қаралып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сотталушы азамат алдын ала сөз байласу арқылы пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіруге дайындықты ұйымдастырғаны үшін 10 жылға, ал оның серіктесі көмек көрсеткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот хабарламасына сәйкес сотталушы Ш. сотталушы Н.-ны әйелінің әпкесін 10 миллион теңгеге өлтіруге жалдаған екен. Қылмысты жасауға түрткі болған, сотталушы Ш.-ның әйелінің туысы сақтауға қалдырған ақшаны жұмсап қоюы себеп болып отыр.

Өз кезегінде сотталушы Н., өзінің досы В.-ға адам өлтіруді ұсынады. Алайда В., бұл туралы полицияға хабарлаған. Полицейлер адам өлтіруге тапсырыс беруші мен сыбайласты ұстау үшін жәбірленушінің жалған өлімін ұйымдастырып, күдіктілерді ұстады, - деді Астана сотының баспасөз қызметіндегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға