Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
25.06.2024 17:26
Фото:
ТЖМ
ТЖМ қызметкерлері Астанада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Байқоңыр ауданының аумағында 500 шаршы метр алаңда жиналған құрылыс қоқыстарының жануы орын алды.
Құтқарушылар өртті толығымен жойды. Зардап шеккендер жоқ.

