Астанада қар тазалауға 1,3 мыңнан астам арнайы техника шығарылды
21.11.2024 13:22
Фото:
Астана қалалық әкімдігі
21 қараша күні таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2,6 мыңнан астам жол жұмысшысы және 1,3 мыңнан астам арнайы техника шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, елорданың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Бірінші кезекте қоғамдық көліктің кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін негізгі магистральдар тазартылады. Әрі қарай орташа қозғалыс қарқындылығы бар учаскелер - алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар қардан тазартылады, - делінген мәліметте.
20-сынан 21 қарашаға қараған түні полигондарға 1041 рейспен 14 мың текше метр қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан барлығы 538 мың текше метр қар шығарылды, бұл 42 423 ауыр жүк көлеміне тең.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

