Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі ішінара жабылады
29.05.2024 11:03
Фото:
©El.kz/Арман МУХАТОВ
Елордада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады. Бұл туралы ақпаратты Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты биыл 29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етіледі.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

