Астанада Президент кубогының жеңімпазы анықталды
03.08.2025 22:51
Фото:
ҚР теннис федерациясы
Астана қаласында теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды. Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.
Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты. Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

