Жаңалықтар

Астанада пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды

Астанада пошта сәлемдемелерінен есірткі табылды
Фото: ©El.kz 01.01.2025 14:33 428

Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Пошта арқылы жіберілетін сәлемдемелерді иісшіл итпен тексеру кезінде 4 рет есірткі табылды.

Алматыдан келген 4,9 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ Батыс Аустралиядан жеткізілген үрлемелі матраста 914 грамм марихуана жасырылған. Осы іске қатысты 4 адам ұсталды.

Бұдан бөлек, Таиландтан келген сәлемдемеде 998,43 грамм кептірілген марихуана анықталды. Иран азаматының пәтерінен тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы жіберілген 151,20 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға