Жаңалықтар

Астанада пациенттерге арналған мобильді платформа таныстырылды

Астанада пациенттерге арналған мобильді платформа таныстырылды
Фото: Астана әкімдігі 25.10.2024 10:47 448

Елордада qМed жаңа мобильді платформасы таныстырылды. Бірегей қосымша пациентті созылмалы инфекциялық емес аурулардың өзін-өзі бақылауы бойынша тәртіпке келтіруге қабілетті және медицина қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жеңілдетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

№8 қалалық емханада елорданың Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub-пен ынтымақтастықта бастамашылық жасаған "Astana Smart City Accelerator" бағдарламасының қатысушысы qMed платформасының тұсаукесері өтті. Платформа ауруларды басқару бағдарламасы шеңберінде созылмалы инфекциялық емес аурулары бар диспансерлік есепте тұрған пациенттерге арналған.

Жоба жетекшісі Нұрлан Биімбеттің айтуынша, қосымшаның арқасында смартфонның көмегімен өз жағдайыңызды бақылауға және оны қолдауға мүмкіндік бар.

Біздің платформа пациенттерге өзін-өзі бақылау бойынша қолжетімділікті ашады және оның денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін медицина қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жеңілдетеді, - деп түсіндірді Нұрлан Биімбет.

qМed мобильді платформасы Мәдениет және ақпарат министрлігі іске асыратын "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты шеңберінде әзірленді.

2023 жылы "Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша жұмыстар арасында созылмалы инфекциялық емес аурулары бар адамдарға бірегей көмекшіні енгізу бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоба іріктелді.

Естеріңізге сала кетейік, "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға